$ 494.87  520.65  4.91

Жеңіс Қасымбек Головкинге берген уәдесін орындап жатқанын хабарлады

Оның сөзіне қарағанда, жаңа футбол алаңынан басқа тартанды жүгіру жолдары, 300 орындық трибуна, жарықтандыру, көгалдандыру бар.

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Майқұдықтың жөндеу және құрылыс алаңдарын аралады. Бұл туралы облыс басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өткен жылы Геннадий Головкинге және қала белсенділеріне «Литейщик» стадионын қалпына келтіріп, оның аумағында қауіпсіз және жайлы жағдай ұйымдастыруға уәде берген едім. Мамыр айынан бастап жұмыс жалғасуда. Пандемияны ескере отырып, мердігерлер нысанды қыркүйек айында тапсыруы керек болатын. Бірақ алдағы 10 күнде бітіреміз деп уәде берген әлі аяқталмаған учаскелер бар. Өтемақы ретінде көшедегі ашық жаттығу жабдықтары мердігердің өз қаражатына орнатылады, - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа футбол алаңынан басқа тартанды жүгіру жолдары, 300 орындық трибуна, жарықтандыру, көгалдандыру бар. 

Айдың аяғына дейін Магнитогорская көшесінің бойына 4,7 шм жаңа төсем төселіп, төрт жолақ арқылы мешітке бару мүмкіндігі қарастырылған. Қасбеттерді жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 22 үйдің 4-ін бітіру керек. Майқұдықтағы аулалардың бірін кешенді абаттандыру жұмыстары қалай жүргізілгенін көрдім. Барлығы Октябрь ауданының 10 ауласы осындай абаттандырумен қамтылған, оның 8-і аяқталды. 105 аулада орындықтар мен жарықтандырғыштар орнатылған. Сондай-ақ 169 жаңа ойын алаңы пайда болады. Жалпы, аулаларды асфальттау жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Барлық абаттандыру жұмыстары қараша айына дейін аяқталады. Жергілікті тұрғындардан құрылыс қалдықтарын тазартуға шағымдар түскен. Жақын арада мердігерлер қоқыстарды тазартуға міндеттелді, - деді облыс басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары