06.10.2020, 02:41

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жары дүниеден озды

Дастарханынан талай дәм татып едік.

Қазақстанның халық жазушысы, қарт қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жары дүние салды. Қаралы хабарды саясаткер, журналист Әміржан Қосанов естіртті.

"Әлем әдебиетінің классигі Әбе – Әбдіжәмил Нұрпейісов атамыздың үйіндегі Ажар апай 90 жасында өмірден озды.

"Қан мен тер" романын оқыған, оқымаған барша ағайынға естіртіп жатқаным.

Ұлы жазушының өмірлік серігі, Музасы болған апамыз белгілі ғалым, химия саласына, ел өнеркәсібіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер еді.

Дастарханынан талай дәм татып едік.

Алдынан жарылқасын. Арты қайырлы болсын! Атамыз аман болсын! Жақында ғана ауруханадан шыққан ол кісіге қиын болып жатыр-ау...", - делінген журналистің facebook-тағы жазбасында.

Тегтер: Әбдіжәміл