$ 524.58  551.91  4.93

Қызылордада «Абай» операсының тұсаукесері өтті

Операны сахналауға Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының және облыстық филармонияның әртістері қатысты.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының сахнасы тағы бір қойылыммен толықты. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсын енді Сыр көрермендері де тамашалай алады. Елдегі карантин талаптарына байланысты танымал туындыны жергілікті «QYZYLORDA» телеарнасы және  YouTube әлеуметтік желісіндегі «Сыр шаңырағы» арнасы арқылы көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Операның түсіріліміне өңірден 100-ден аса өнерпаз қатысты. Шымкент қалалық опера және балет театрының режиссері әрі солисі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Қайрат Құлыншақов туындының қоюшы режиссері болды. Басты рөлді Қызылорда облыстық филармониясының әншісі Айдос Иманжаппаров сомдады. Операны сахналауға Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының және облыстық филармонияның әртістері қатысты. Сонымен бірге, Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары колледжінің «Ән салу» бөлімінің студенттері, аралас хор ұжымы мен қаладағы «Томирис» би ансамблі өнер көрсетті. Операны облыстық филармонияның камералық оркестрі сүйемелдеді. Қойылымға «Құрмет» орденінің, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Кеулімжай Ботабаев дирижерлік жасады.

Хакім Абайдың 175 жылдығы аясында Сыр өңірінде өтіп жатқан мазмұнды шаралар легі көп. Шоқтығы биік «Абай» операсы соның бір мысалы. Абайдың болмысын, мұрасын таныту мақсатында сахналанған қойылымның көрермен үшін рухани азық болары сөзсіз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай операсы