$ 498.34  519.72  4.85

Сыр өрені Абай өлеңдерін Түркияда оқитын болады

Оның ендігі мақсаты – бауырлас елде Абай мұраларын насихаттай отырып, жеңіске жету.
фото: vechastana.kz
фото: vechastana.kz

Таяуда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай Алматы қаласында шығармашыл жастар арасында «Мен де жұлдыз боламын» атты байқау өткен болатын. Бұл додаға Сыр өңірінен қатысқан Нұрай Бақберген есімді өнерлі өрен екінші орын иеленіп, алдағы жылы Түркия елінде өтетін сайысқа жолдама жеңіп алды. Оның ендігі мақсаты – бауырлас елде Абай мұраларын насихаттай отырып, жеңіске жету, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
 «Мен де жұлдыз боламын» байқауы екі кезең бойынша өтті. Онлайн режимінде өткен бірінші кезеңде Нұрай Бақберген Мұқағали Мақатаевтың «Пай, пай, өмір!» атты өлеңін оқыды. Облыстық іріктеуден өткен ол байқаудың республикалық кезеңінде Абайдың «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» өлеңін мәнерлеп оқып, тәнті етті. 

Жас ақын бүгінгі күні халықаралық байқауға дайындығын бастап та кетті. Ол Қызылорда облысының Жалағаш ауданы, Аққұм ауылындағы Алдаберген Бисенов атындағы №38 мектептің 10-сыныбында білім алады. Өлең оқудың қыр-сырын үйретіп, поэзия әлеміне баулып жүрген Нұрайдың жетекшісі Айгүл Тұрабаева шәкіртінің алдағы байқауларда оза шабатынына сенімді. Ал, Абай өлеңдерін жатқа оқитын Нұрай болса сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары