$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада Абайдың 175 жылдығына арналған «Әлем адамы» байқауы өтті

Байқауға қатысушылар ақынның қара сөздері бойынша қойылымдар қойып, желі оқырмандарын тәнті етті.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қызылорда қаласында Абайдың 175 жылдығына орай «Әлем адамы» атты байқау өтті. Онлайн режимінде өткен байқауды қалалық №1 кітапхана және Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Байқауға қатысушылар ұлы Абайдың шығармаларын оқып, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, бас ақынның қара сөздері бойынша қойылымдар қойып, желі оқырмандарын тәнті етті. Мәселен, Белкөл кентіндегі мәдениет үйінің «Сыр маржаны» көркемсөз үйірмесінің мүшелері Абайдың он жетінші қара сөзі бойынша дайындаған қойылымын көрсетіп, І орынды иеленді. Ал, қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхананың оқырманы Қарақат Қалам ерекше қабілетімен көзге түсіп, ІІ орынға ие болды. Үздіктер қатарынан көрінген №11 мектеп-лицейінің оқушысы Ақгүл Серікке ІІІ орын берілді. 

Байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар берілді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бастысы, додада бақ сынаған қатысушылар ұлы Абайдың мұрасымен тереңірек танысып, өздеріне рухани азық алды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары