6 қазанда Астанаға келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды, - деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астаналық әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, елге қайтып келген 170 жолаушының ПТР-тесті болмаған.
"Бүгін Нұр-Сұлтанның әуежайында Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai әуекомпанияларының рейстері келді, барлығы 478 жолаушы және 28 экипаж мүшесі. 170 жолаушыда ПТР-тестінің мерзімі өтіп кеткен не мүлде болмаған, олар қонақ үйлердегі стационарларға жатқызылды. Дене қызуы жоғары жолаушылар болмады. ПТР-тестінен өткен соң жолаушылар үйіне жіберіледі, егер олардың нәтижесі оң болса, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі", - делінген хабарламада.