Жаңалықтар 07.10.2020 сағат 00:35

Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетті

34 жастағы тұрғын сол жерде қайтыс болған.
Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетті
фото: bestnews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың адам өліміне қатысты дауға қалып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Аталмыш ақпарат көзінің жазуынша, Тұрсынбектің жүргізушісі адам қағып кеткен. Көлік қаққан 34 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көкшетау Азия ақпарат агенттігінің ақпаратына қарағанда, оқиға осыдан бір жыл бұрын.

"2019 жылдың 13 қазан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Теміртау-Нұра-Астана трассасы бойында Ерлан Омарқұлов есімді жігітті көлік қағып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан 34 жастағы тұрғын сол жерде қайтыс болады. Ұзамай марқұмның туыстары адам өліміне себепкер болған жол талғамайтын бұл көліктің белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін естіп білген", - деп жазады Көкшетау Азия ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасына Тұрсынбек Қабатовтың көлігін басқарған жүргізуші ретінде 25 жастағы жігіт жауапқа тартылғанға ұқсайды. Алайда қозғалған қылмыстық іс ұзамай жабылып, аяқсыз қалған. Айта кету керек, ол бұл апатқа дейін де жүргізуші куәлігінен айырылған.  

Сонымен қатар, бұл мақалада марқұмның туыстары содан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүргені айтылған. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар