$ 494.87  520.65  4.91

Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды зорлаған педофил түрмеде асылып өлді

Оның денесін кезекші тауып алған. Күдікті 62 жаста еді.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған 62 жастағы педофил тергеу изоляторының камерасында асылып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Оның денесін кезекші тауып алған. Күдікті 62 жаста еді. Денеде жарақат жоқ. Алдын ала себеп - суицид. Ақпарат сенімді, дереккөздер фактіні растады", - деп жазды "Не молчи" қоры Facebook парақшасында.

Еске салайық, 23 шілде күні Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетті, кейіннен қыз көпқабатты үйдегі басқа біреудің пәтерінен табылды.  Бүлдіршінді зорлады деген күдікпен, азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары