$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Депутаттардың пікірінше, бұл шара қарт адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасап қана қоймай, еңбек нарығына да оң әсерін тигізеді.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"ДДСҰ деректеріне сай, COVID-19 вирусының ерекшелігі сол – өлім жағдайының көпшілігі жасы 60-тан асқан адамдардың үлесіне тиеді", - деді депутат Айқын Коңыров.

2020 жылы қаңтар-тамыз аралығында қазақстандықтар арасында 110 981 өлім тіркелді, оның ішінде 78 637 адам (71% пайыздан астамы) 60-тан асқан адамдар. Мәжіліс депутатының сөзінше, жасы 60-тан асқан адамдар қосымша қауіпсіздік шараларын талап етеді.

"Халықтық коммунистер" фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. 2013-ші жылы біз әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруге қатысты реформаны қолдамадық. Бүгін азаматтардың пікірлерін ескере отырып, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жас деп белгілеуді ұсынамыз", - деді Қоңыров.

Депутаттардың пікірінше, бұл шара қарт адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасап қана қоймай, еңбек нарығына да оң әсерін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары