Жаңалықтар 07.10.2020 сағат 21:01

Тоқаев пен Путин Таулы Қарабақ және Қырғызстандағы ахуал жайлы сөйлесті

Қазақстанның президенті әлемдік  және өңірлік мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін еместігін атап өтті.
Тоқаев пен Путин Таулы Қарабақ және Қырғызстандағы ахуал жайлы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресей Президентін туған күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Владимир Путиннің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша айтарлықтай табысқа жеткенін, беделді мемлекет мәртебесіне ие болғанын, сондай-ақ, әлемдік  және өңірлік мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін еместігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өзара түсіністікті күшейтуге зор үлес қосқаны үшін ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің коронавирус пандемиясымен күрестегі іс-қимылдарын үйлестірудің маңызды екені сөз болды.

Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі әскери қақтығыстарға қатысты ахуалды талқылады. Сонымен қатар Қырғызстандағы оқиға жөнінде пікір алмасты. Мемлекеттер басшылары бауырлас елдердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тезірек тұрақтанатынына үміттенетінін айтты.  

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге зор денсаулық және Ресейдің игілігі жолындағы қызметіне жаңа табыс тіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар