$ 444.22  476.38  4.82

Сыр оқушылары «Әлем таныған Абай» байқауында бақ сынады

ондай-ақ, балаларын білім алуға, қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармаларын оқуға мүмкіндік жасаған ата-аналарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар берілді.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Әлем таныған Абай» атты республикалық байқау өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Ұлы тұлғаның шығармашылығын ұлықтау мақсатында қашықтықтан өткізілген байқауды Алматы қаласындағы «Жаңа ғасыр таланттары» шығармашылық орталығының мамандары ұйымдастырды. Онлайн режимінде өткен додада Сырдың өнерлі өрендері бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінді.

Қызылордалық оқушылар байқаудың «Өлең – сөздің патшасы» атты көркемсөз оқу жанры бойынша өнер көрсетті. Қызылорда қаласындағы №5 Панфилов атындағы мектеп-лицейдің 6-сынып оқушылары Алмат Нұртілек пен Арайлым Ғалымжанқызы осы кезеңнің қорытындысы бойынша ІІ орынға ие болды. Ал, осы мектептің Мөлдір Назарова есімді дарынды шәкірті ІІІ орын иегері атанды. 

Хакім Абайдың шығармаларын насихаттауға арналған байқауда көркемөнер жанры бойынша бақ сынаған Айым Сағындықова ІІІ орынды иеленді. Ол сайыстың шарты бойынша Абай өлеңдерімен байланысты сурет салып, өнерімен ерекшеленген болатын. Бұл байқауда шәкірттерін Абай мұрасын оқуға баулыған ұстаздар да марапатталды. 

Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Ақбергенова және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Жадыра Палымбетоваға «Құрмет» грамотасы табысталды. Сондай-ақ, балаларын білім алуға, қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармаларын оқуға мүмкіндік жасаған ата-аналарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар берілді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай #өлең #ақын