$ 494.87  520.65  4.91

Елордада жастар саясаты бөлімі қарттарға көмек көрсетті

Бүгінгі таңда елордада 150-ден астам аз қамтылған қарт адамдар әлеуметтік азық-түлік себетін алды.
фото: astana.gov.kz
фото: astana.gov.kz

Елордада қалалық штабтың еріктілері Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, 50 қарт адамға қажетті көмек көрсетті, - деп хабарлайды Sn.kz.
"Егде жастағы адамдарға қалалық штаб еріктілері тұрақты негізде қолдау көрсетеді. Қыркүйектен қазанға дейін біз аулалар мен мұқтаждардың үйлерін тазалап, оларға 30-ға жуық арнайы азық-түлік жиынтығын бердік. Ардагерлерге не қажет екендігі туралы ақпаратты аудандық ардагерлер кеңесінен аламыз. Олар бізге нақты тізімді береді. Жақында 50 зейнеткерге азық – түлік себетін тараттық, олардың сұранысы бойынша көмектестік",-деді өңірлік жастар саясаты басқармасының бөлім бастығы Акулан Тастемір.
Айта кетейік, Қазақстанда жарияланған жыл аясында еріктілер жалғыз басты қарттарға, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, мүгедек зейнеткерлерге тұрақты көмек көрсетеді.
"Жыл басынан бері біз аулаларда жүзден астам қарттарды жинап, оларға шаруашылық бойынша көмектестік, сондай-ақ азық-түлік жеткіздік. Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлер кеңесі мемлекеттік академиялық филармониямен бірлесіп автобуспен концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Қарт адамдарға әлеуметтік себеттер берілді. Қорғаныс министрлігімен бірге тыл ардагерлеріне медальдар бердік, өйткені карантин кезінде сыртқа шығу қауіпсіз болмады. Сондай – ақ, қарттарға дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдары жеткізілді", - деп түсіндірді Акулан Тастемір. 
Бүгінгі таңда елордада 150-ден астам аз қамтылған қарт адамдар әлеуметтік азық-түлік себетін алды. Айта кету керек, карантин кезінде көмекке құрметті жастағы адамдар iKomek 109 орталығына өтініш бере алады.
Сонымен қатар елордада еріктілер жылы қарсаңында «Волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға 14-29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын.
Байқауға өтініштер оныншы қыркүйектен бірінші қазанға дейін қабылданды. Оның ішінде 200-ге жуық жоба келіп түсті. Комиссия барлығын қарап, білікті волонтерлер, волонтер-дәрігерлер, қоғам қайраткерлерін анықтады.
Жеңімпаз волонтерлардың жеке жүзеге асырған жобасынан бұрын оның  қоғамға пайдалы болуына мән берілді. 
Атап айтқанда, қарт кісілерге көмек, экологияға байланысты қамқорлық көрсету,  жануарларды қорғау секілді игі жобаларға баса назар аударылды.
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, шағын гранттар байқауына 14-29 жас аралығындағы жастар мен белсенді топтар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.48 жас қатысып, 22 жоба үздік деп танылған.
Ал үздік шыққан жобаларға 300 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Оған алты миллион теңге бөлінген.
Бұл қаржыны еріктілер тобы өздеріне қажет жарақтарды сатып алуға жұмсай алады.
Айта кетейік, 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы болып жарияланған еді. Соған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасымен түсінікті әрі тиімді құқықтық механизмдерді қамтитын Қайырымдылық туралы заң дайындалып жатыр.
Ол қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың еңбек етуіне, соның ішінде мемлекетпен және бизнеспен бірлесе жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасайтын заң болады.
Заң жобасында қайырымдылық ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсетудің, инфрақұрылымды пайдаланудың, ақпараттық қолдау кезінде жеңілдіктер берудің нақты тетіктерін әзірленеді. Сонымен қатар еріктілерге салық жағынан жеңілдіктер де болады.
Айта кетейік, қазір қайырымдылық жобаларға бағытталған ірі бизнес табысын 3% және шағын және орта бизнес табысын 4% көлемде салықтан босату заңнамалық тұрғыда қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда елордада 150-ден астам аз қамтылған қарт адамдар әлеуметтік азық-түлік себетін алды. Айта кету керек, карантин кезінде көмекке құрметті жастағы адамдар iKomek 109 орталығына өтініш бере алады.
Сонымен қатар елордада еріктілер жылы қарсаңында «Волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға 14-29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Елордада қалалық штабтың еріктілері Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, 50 қарт адамға қажетті көмек көрсетті. Жалпы Қазақстанда жарияланған жыл аясында еріктілер жалғыз басты қарттарға, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, мүгедек зейнеткерлерге тұрақты көмек көрсетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары