$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Еңбек» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда

2019-2020 оқу жылында қала бойынша 1204 түлек білім алып шыққан. Олардың 100 пайызы бүгін өз саласында еңбек етіп жүр. Екі қолға бір күрек таппай жүргендерге мемлекет қашанда көмек көрсетуге дайын.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Алматы қаласында «Еңбек» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл сөзіміздің бір дәлелі соңғы уақытта аталған бағдарлама арқылы 23 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан, - деп хабарлайды Sn.kz.

Ал жалпы алғанда жыл басынан бері 48 мыңнан астам адамнан өтініш келіп түскен екен. Әсіресе, тумысынан ерекше, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықта өсіп-өнген  жастарға да талай мүмкіндіктер беріліп отыр. Сондай жастардың бірі – алматылық Зарина Деева.  Зарина «Еңбек» бағдарламасы аясында өзі өсіп-өнген №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына балаларды күтуші болып жұмысқа орналасқан.

«Жұмыспен қамту орталығына барып еңбек еткім келетінімді  айттым және осы өзім өскен жерде балалармен жұмыс істегенді қаладым. Өйткені бұл балалардың өмір жолы менікіне ұқсайды. Оларды жақсы түсінемін. Кішкентайымнан мені баққан тәрбиешілерге алғысым шексіз», – деді қала тұрғыны Зарина Деева.

Екінші топтағы мүгедектігі бар Зарина тұрмысқа шығып, бір баланың анасы атанған. 

Жалпы биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 48 мыңнан астамнан өтініш келіп түскен. Соның ішінде 23 мыңдайы тұрақты жұмыспен қамтылыпты. 15 мыңнан астамы уақытша жұмыстарда еңбек етіп жатыр. 

Ал қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлзинат Мейірбекованың айтуынша, жылдың басынан бері  мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар жүгінсе, олардың 700-ден астам әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеп жатыр екен. 

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік  бағдарламасы аясында білім алған 1204 түлек жүз пайыз жұмыспен қамтылған. Мәселен, жыл басынан бері 23 мың алматылық тұрақты жұмысқа орналасып үлгерген. Сондай мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көріп отырған студенттің бірі – Алмат Жаңбыров. Болашақ аспаз қазір 2-курста оқиды. Кәсіптік іс-тәжірбиеден өтуге қаладағы бес жұлдызды қонақ үйдің бірін таңдаған. 

«1 қыркүйектен бастап тәжірбиеден өтіп жатырмыз. Қазір бізге ыстық тағамдар пісіруді аспазшылар көрсетіп үйретіп жатыр. Тиімділігі жақсы, 1-курста карантинде көп нәрсе үйрене алмай қалып едік, қазір осында келіп үйреніп жатырмын», – деді Алматы облыстық Қызмет көрсету және тамақтандыру саласы инновациялық-технологиялық колледжінің 2-курс студенті Алмат Жаңбыров.

Айта кетейік, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты – техникалық кәсіптік білім беру. Қала бойынша жыл сайын 9 бен 11 сыныпты бітірген 2500 оқушы жолдамамен білім алады. Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласы инновациялық-технологиялық колледжі арнайы бағдарламамен білім береді. Қазір оқушылар сабақты онлайн форматта оқып жатыр. Оқу орны 5 мамандық бойынша білім береді.  

Алматы облыстық Қызмет көрсету және тамақтандыру саласы инновациялық-технологиялық колледжі директорының оқу өндірістік жөніндегі орынбасары Гүлнар Жұмашеваның айтуынша, қазіргі уақытта 100 адам қалалық жұмыспен қамту орталығы жібергне жерлерде оқып жатыр. Оның ішінде 3-4 мамандық қарастырылған: «Еңбек» бағдарламасымен қысқа мерзімді курстар бар. Сол курстарда жұмыссыз азаматтарымыз, жұмыспен қамту орталығына тіркеген адамдарды оқытып жатырмыз. Атап айтқанда, аспаз, кондитер мамандығы бойынша 25 адам. Маникюр шеберінен 25 адам білім алып жатыр», – ол. 

Осы орайда айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында қала бойынша 1204 түлек білім алып шыққан. Олардың 100 пайызы бүгін өз саласында еңбек етіп жүр. Екі қолға бір күрек таппай жүргендерге мемлекет қашанда көмек көрсетуге дайын. Құрылысшылар мен аспазшылар, тігіншілер мен электриктер. Мұндай мамандық иелері қашанда жоғары сұранысқа ие болып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында «Еңбек» бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл сөзіміздің бір дәлелі соңғы уақытта аталған бағдарлама арқылы 23 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Жалпы биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 48 мыңнан астамнан өтініш келіп түскен. 15 мыңнан астамы уақытша жұмыстарда еңбек етіп жатыр. 

Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2017-2021 жылдарға арналған. Соған орай, халықты еңбекке шақыруға, оларға кәсіп ашып беруге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған бағдарламаның ұсынатын мүмкіндіктері мол. Өткен жылы аталған мемлекеттік бағдарлама өте жемісті жұмыс істеген. 2019 жылы 363,7 мың адам жұмысқа орналасса, оның 255,6 мыңы тұрақты жұмыс тапқан.

Ал бағдарлама қатысушылары қысқа мерзім ішінде бірнеше мамандықты меңгере алады. Оқу бағдарламаларын білім беру ұйымдары әзірлейді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсында сұранысқа ие мамандықтардың көшін қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, энергетика, құрылыс, өнеркәсіп және IT салалары бастайды. Әрине, бұлардан бөлек 200-ден астам түрлі біліктілік пен дағдылар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#еңбек #Алматы