Ресей президенті Владимир Путин Армения мен Әзербайжанның СІМ басшыларын Мәскеуге Таулы Қарабақ қақтығысы кезінде қаза тапқандардың мәйіттері мен тұтқындарды алмасу мәселелері бойынша кеңесуге шақырды. Бұл туралы бейсенбі күні Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен және Армения Республикасының премьер-министрі Николь Пашинянмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей Федерациясының президенті қайтыс болғандардың мәйіттері мен тұтқындарды алмасу үшін гуманитарлық себептер бойынша Таулы Қарабақ қақтығыс аймағында жүргізіліп жатқан әскери қимылдарды тоқтатуға шақырады. Ресей Сыртқы істер министрінің бітістірілушілігімен консультациялар өткізу үшін Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері 9 қазанда Мәскеуге шақырылады», - делінген хабарламада.
Таулы Қарабақтағы жағдай 27 қыркүйекте шиеленісіп, даулы аумақта шайқастар жүріп жатыр.
Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылы ақпанда, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан Кеңестер одағы құрамынан шығатынын жариялаған кезде басталды.
1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыстардың салдарынан Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған іргелес жатқан жеті ауданды бақылаудан шығарып алды.