$ 445.66  474.58  4.78

ШҰҒЫЛ: Ақтөбенің үш ауданында қарулы қақтығыс жүріп жатыр (ВИДЕО)

Ақтөбенің үш бірдей ауданында қарулы қақтығыс жүріп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала болжам бойынша және куәгерлердің хабарлауынша, атыс қаланың 5-ші шағынауданында, Филармония маңайында және "Паллада" қару-жарақ дүкенінің жанында орын алған. Қазіргі таңда бұл төңіректің бәрін тәртіп сақшылары қоршап, арнайы операция жүргізуде. Ресми емес дереккөздердің мәліметінше, белгісіз біреулер қару сатумен айналысатын дүкенді тонаған.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген суреттер мен видеоматериалдарды әлеуметтік желілерге жүктеуде. Тәртіп сақшылары болса тұрғындарға көшеге шықпауға, терезе маңына жақындамауға кеңес беріп отыр. Ал, сауда орталықтарындағы адамдар дереу қауіпсіз жерге шығарылды.

Youtube видео-порталына куәгерлердің бірі белгісіз адамдардың автобусты басып алып, ішіндегі адамдарын сыртқа шығарғаны бейнеленген бейнекадрларды жүктеді.

Бас прокуратура болса санаулы сағаттар ішінде баспасөз мәжілісін өткізіп, оқиғаның мән-жайын хабарлайтынын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары