$ 494.87  520.65  4.91

Атыраудағы қалалық емханалардың бірінің есепшотынан 70 млн теңге ұрланды

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аталған емхананың қызметкерлері коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлерге төленетін өтемақыға байланысты басқармаға жүгінген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда №1 қалалық емхананың есепшотынан 70 млн теңге ұрланған. Қазір тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аталған емхананың қызметкерлері коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлерге төленетін өтемақыға байланысты басқармаға жүгінген. Оларға басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Асхан Байдуәлиев арнайы барып, өтемақының заң талаптары шеңберінде комиссия шешімі негізінде төленетінін жеткізген.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызмет барысында коронавирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде өтемақы төлеу туралы бірлескен бұйрығы бар. Соған сай келетін дәрігерлерге өтемақы төленеді.

Қазір Атырау облысында короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырдық деп жәрдемақы алу үшін 955 медициналық қызметкер құжат тапсырған. Оларды короновирус індетімен күресте қызмет еткен медицина қызметкерлеріне үстемақы мен өтемақыны төлеу комиссиясы тұрақты түрде қарауда. Осы кезге дейін комиссия 9 отырыс өткізген. Құжаттардың 474-сі мақұлданып, 481-і кері қайтарылған. Бірақ жақында аталған бұйрыққа бірқатар өзгеріс енгізілуіне байланысты дәрігерлердің құжаттарын комиссияға қайта беріп, қазір қаралып жатыр», -деді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, медициналық қызметкерлерге коронавируспен күрес кезінде жалақысына қосылатын үстемақы уақытылы төленген. Ал №1 Атырау қалалық емхананың есепшотындағы 70 млн теңге электронды түрде ұрланған.

Қазір тиісті құқық қорғау органдары тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары