Жаңалықтар 11.10.2020 сағат 12:28

Тәжікстанда президент сайлауы басталды

Қазіргі президент Эмомали Рахмонда тізімде бар.
Тәжікстанда президент сайлауы басталды
Фото: anatili.kazgazeta.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тәжікстанда президент сайлауы басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

68 округтік сайлау комиссиясы мен 3414 сайлау учаскесі ашылды. Елден тыс жерлерде 39 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 4,9 миллион сайлаушы тіркелген, бюллетеньдер төрт тілде басылып шыққан: тәжік, өзбек, орыс және қырғыз.
 
Сайлауға бес кандидат қатысып отыр, олардың барлығы саяси күштердің жетекшілері: қазіргі президент Эмомали Рахмон (Халықтық-демократиялық партияның басқарушысы), депутат Миродж Абдуллоев (Коммунистік партия), депутат Рустам Латифзода (аграрлық партия), депутат Рустам Рахматзода (Экономикалық реформа партиясы) және депутат Абдухалим Гаффорзода (Социалистік партия).

Елді 1992 жылдан бері басқарған Рахмон үшін (посткеңестік кеңістіктегі ең ұзақ) бұл бесінші сайлау.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар