$ 494.87  520.65  4.91

Жээнбеков президенттік өкілеттігін доғарса, оның орнын кім басады?

Ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.

Сооронбай Жээнбеков президенттік өкілеттігін тоқтатса, оның орнын Қырғызстан парламенті сайлаған премьер-министр Садыр Жапаров отыруы мүмкін. Рәсімді "Әділет" құқықтық клиникасының басшысы Чолпон Жақыпова түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, конституция бойынша президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенеш төрағасына (спикерге) өтеді. "Бірақ төраға қазір жоқ. Мирлан Бакиров вице-спикер. Оны ешкім спикер етіп сайлаған жоқ. Негізгі заңға сәйкес, президент отставкаға кеткенге дейін парламент төрағасы анықтамаса, онда Садыр Жапаров премьер-министр ретінде мемлекет басшысының міндетін атқарады", - деп түсіндірді Чолпон Жақыпова.

Еске салайық, жақында бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болып тағайындалды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.

Ол барлық саясаткерді Қырғызстандағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрауға шақырды және президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

"Барлық міндеттеме орындалады. Біз әлеуметтік жағынан өсуіміз керек, дәрігер мен мұғалім мамандығының беделін көтеру керек", - деді Садыр Жапаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары