Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, қазанның 12-сі күні күн жауын-шашынсыз болады.
Тек Қазақстанның солтүстігі, орталығын және шығысының кей жерлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шығысында тұман, жолдарында көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Түнде кей жерлерінде тұман, жолдарында көктайғақ болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.