Алматы полициясы жолда жарыс ұйымдастыратын көлік жүргізушілерін анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.
Әдетте, кейбір автокөлік жүргізушісі тікелей ағынды резонаторлық саптамаларды қолдана отырып, азаматтардың тыныштығын бұзады. Автокөліктер мен мотоциклдер шығаратын шу деңгейінің жоғарылауына байланысты азаматтар тарапынан әділ сын туындайды. 2020 жылдың 9 айында рұқсатсыз түрлендірілген көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша 1 мың 299 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін 15 мотоцикл жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 74 мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қаласының ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.