$ 443.44  480.51  4.88

Астанада «Байқоңыр» тұрғынүй кешені өртенді

Астанада "Байқоңыр" тұрғынүй кешеніндегі ғимараттардың бірі өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Кезекші бөлімге аталған оқиға туралы хабар түнгі сағат 02:12-де келіп түскен. Араға 5 минут салып өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жетіпті. Белгілі болғандай, өрт 5-9 қабат аралығындағы лифт шахтасынан шыққан. Ал, көк түтін 5 пен 20 қабат аралығына таралыпты. Мамандар сағат 2:35-те қызыл жалынды ауыздықтағанын айтып отыр.

Өрт сөндіруге жеке құрамның 50 адамы мен 9 арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, оқиға орнында жедел жәрдем қызметі екі адамға көмек көрсеткен. Олар түтінге уланып қалыпты. Барлығы 230 тұрғын үйден қауіпсіз жерге шығарылған.

Иманқұловтың айтуынша, ауладағы бей-берекет қойылған көліктер өрт сөндірушілердің шұғыл қимылдауына кедергі келтірген. Бұл мұндай алғашқы жағдай емес дейді ол. Өрт сөндіру көлігіне жол ашу үшін үй тұрғындарының өздері жұмыла көліктерді орындарынан жылжытыпты. Ал, техникалардың үйге жете алмай жатқанын көрген кейбір адамдар байбалам салып, дүрліккен көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары