$ 441.66  475.14  4.86

Интернетте Ақтөбедегі атыс бейнеленуі мүмкін видео жарияланды (ВИДЕО)

WhatsApp желісі арқылы тараған бейнематериалда шамамен 15-20 адамның жүгіріп шығып, белгісіз бағытқа қарата оқ атып жатқаны анық көрінген. Олардың көпшілігінің қолында суық қару бар.

Бейнекадрларды оқиға болған жердегі бейнебақылау камераларының бірі жазып алған болуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, бүгін сағат 14:00 шамасында Ақтөбенің үш бірдей ауданында қарулы қақтығыстар орын алды. Алдымен қару-жарақ сататын дүкендерді тонаған белгісіз азаматтар кейін әскери бөлім жанындағы адамдарды кепілдікке алған. Артынша, полиция бөлімшесіне шабуыл жасапты. Салдарынан екі әскери қызмкеткер мен дүкен сатушысы қаза тапты. Сондай-ақ, полицейлер үш қарақшының да көзін жойғанын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео