13.10.2020, 06:02

13 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

13 қазан күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.