13.10.2020, 09:20

Астанаға ұшып келген 104 адам стационарлық карантинге жатқызылды

фото: inform.kz
Сондай-ақ бір адам депортацияланды

Елордаға шет елдерден ұшып келген, ПТР-анықтамасы жоқ 104 адам стационарлық карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 4 ұшақ (халықаралық рейстер) келіп қонды. Рейстерді Turkish Airlines, Air Astana мен Flydubai компаниялары орындады. Барлығы 514 адам ұшып келді», - деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан . 514 жолаушының 104-де ПТР-анықтама болмаған. Сондықтан олар стационарлық карантинге жатқызылған. «ПТР тесті тапсырғаннан кейін олар үйлеріне қайтарылады. Коронавирус жұқтырғандары белгілі болса инфекциялық стационарға жатқызылады. Сондай-ақ бір адам депортацияланды», - делінген хабарламада.