$ 494.87  520.65  4.91

Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды

Аққыз Қосанова 82 жасына қараған шағында өмірден озды.

Қазақстандық саясаткер, қойғам қайраткері Әміржан Қосановтың анасы өмірден озды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Суық хабарды саясаткердің өзі Facebook парақшасында хабарлады. 

Қосановтың желідегі жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті. 

"Жас кезімде "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңімде: "...Екінші тілек – дара шын, Құлдықты сала сұраймын: Аман болсын анашым - Аққызы Нағашыбайдың", -деп жазыппын. Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті...", - деп жазды ол. 

Көпшілік көңіл айтып, сабырлық тіледі. 

"Иманды болсын! Қайғырып көңіл айтамыз", "Қайғыңызға отақпыз, жатқан жері жайлы болсын", "Қаза қайырлы болсын, соңы той болсын", "Анаңыздың жаны пейіште шалқысын", "Мойымаңыз, анасынан айырылған адам шын жылайды", деп жазды желі қолданушылары.

Аққыз Қосанова 82 жасына қараған шағында өмірден озды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары