Алматылық мұғалім оқушыларына атылып өлі туралы тапсырма берген. Нақтырақ айтсақ, Алматыда мектеп мұғалімі балаларға тапсырма ретінде суицидке шақыратын мәтінді талдауды тапсырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Оны естігенде бала түгілі, ата-аналардың төбе шаштары тік тұрды. Бірден әлеуметтік желіге жариялап, түсініктеме беруін талап етті. Білім басқармасындағылар мұндай тапсырманың оқу бағдарламасында болмағанын растап отыр.
Мектеп оқушылары ата-аналарының төбе шашын тік тұрғызған оқиға 9 қазан күні болған. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бабаларға берген мәтінде баласына ашуланған анасы: "Егер сені көзім енді көрмесе мен бақытты болар едім" депті.
Оны естіген бала әкесінің қаруын алып атылып өліп, соңғы хатында анам енді сен бақыттысың мені енді көрмейсің" деп жазып кетіпті. Мұндай тапсырма берген мұғалім, мәтінді ғаламтордан алғанын жеткізді.
"Осы тапсырма 5 сынып оқушыларына арналған, балалар тақырыбын табу керек, мәтінін талдау керек еді. Оқулықтардан алуға болмайды. Сондықтан интернеттен іздедім мен. Ертектерден біреуін алдым. Асеева деген волшебное слова деген бар. Үшіншісін тоже ертектен алғам", - дейді №132 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Әмитова.
Баласы бесінші сыныпта оқитын Ирина Компанцева мұғалімнің талапшыл екенін айтады. Берген тапсырмаларын балалары орындау үшін ізденуге мәжбүр болатынын айтады. Бірақ желіні шулатқан мәтінді көрмедік деп отыр.
"Платформада бұл тапсырма болған жоқ. Менің қызым бұл тапсырманы орындаған жоқ. Психологиялық тұрғыдан дұрыс емес тапсырма берілді дегенді естігерде менің наразылығымды тудырды", - Ольга Сокал оқушының анасы.
Ал қалалық білім басқармасындағылар бесінші сынып оқушыларына талдауға берілген мәтіннің мектеп бағдарламасында жоқ екенін жеткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі шығармашылықпен айналысқысы келіп, өз бетімен тапсырма жолдаған дейді. Бірақ мәтіннің психологиялық құрамдас бөлігіне назар аудармағанын жеткізді.
"Бұл жерде №132 гимназияның мұғалімі дайындағанын және мұндай тапсырманы бір сынып қана алғаны ерекше атап өткімі келеді. Яғни бүкіл қаланың оқушылары осындай тапсырма алмағанын дәлелдейді. Біз мұғаліммен мектеп директорымен сөйлестік, мектеп әкімшілігі және біз ата-аналардан кешірім сұраймыз", - деді қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Ақмарал Айтуарова.
Әлеуметтік жетіні шулатқан мәтінге байланысты қалалық білім басқармасының басшылығы мектеп гимназия басшысы мен мүғалімге ескерту беріп, қала мектептеріне мұндай жағдайдын енді қайталанбауын тапсырған.