$ 446.49  475.38  4.79

Бүгін таңда елімізде интернет істемей қалды

Қазіргі уақытта интернет ресурстарға қолжетімділікте ешқандай мәселе туындап жатқан жоқ.

Қазақстанда 14 қазан күні таңертең интернетте ақау пайда болды. Интернет ресурстардың бір бөлігі қолданушылар үшін қолжетімді болмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сәрсенбі күні таңертең кейбір интернет-порталдар, оның ішінде шетелдік сайттар да мүлдем ашылмады.

Әлеуметтік желілердің жұмысында да проблемалар болды. Мысалы, Twitter желісі үзік-үзік жүктелсе, мессенджерлер, соның ішінде Telegram тұрақсыз жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта интернет ресурстарға қолжетімділікте ешқандай мәселе туындап жатқан жоқ.

 Редакция цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен осы жағдайдың себебін түсіндіруін сұрады.

Айта кетейік, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс берушілерге кейбір қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру туралы кеңес берілген. Сондай-ақ, мектеп оқушылары, колледж бен университет студенттері де қашықтықтан оқытылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#интернет