$ 447.4  477.55  4.76

«Қазақстанда төтенше жағдай енгізу де қарастырылуда» - министр

Барлығы да тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты
фото: КТК.kz
фото: КТК.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде эпидемиялогиялық жағдай күрт нашарласа, төтенше жағдай енгізілу де мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.

"Егер коронавирус ахуалы қайта өршіп кетсе, еліміз бойынша 51 мың төсек-орын дайын тұр. Бұған қоса, карантиндік станционарларда инфекция жұқтырғандарға 70 мың әзірлеуге мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда екі мыңға жуық науқас коронавирустан емделуде. Осы тұрғыда жағдай біздің бақылауда деп сенімді түрде айта аламыз", - деді Цой. 

Министр Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізу туралы да сөз етті. 

"Бұның барлығы да эпидемиялогиялық ахуалға тікелей байланысты. Егер елдің жағдайы соны қажет етсе, міндетті түрде енгіземіз. Десек те біз жағымды болжам жасап,  бұған жете қоймаймыз деп сеніп отырмыз. Барлығы да тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты: егер олар біз айтқан ережелерді сақтаса, коронавирустың бұл толқынын оңай өткереміз", - деді минист

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары