Тергеу нәтижелері бойынша Мұхтар Әблязов БТА банктің ақшасына сатып алды делінген ұшақтар қайда кеткенін Inbusiness.kz анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ашық дереккөздерге сүйенген басылым, Әблязовтің Excellеnt Glide атына тіркелген үш люкс ұшағы болғанын анықтады. Бизнесмен оларды сатып алуға 55 миллион доллар жұмсаған. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл ақша банктің қаражаты болған.
Іс басталғаннан кейін барлық ұшақ жаңа иелерін тауыпты. Тіркеу нөмірлерінің тарихынан, сондай-ақ әуежайларда түсірілген фотосуреттерден олардың әрі қарайғы тағдырын байқауға болады.
Әуе кемесінің біріншісі - Challenger 604. Кезінде Әблязов оны 27 миллион долларға сатып алған. Оның ұзындығы тоғыз метр, ені 2,5 метр. VIP зал 18 адамға арналған. Ұшақтың жайлылығы ультра заманауи кондиционер жүйесі мен тербелісті басатын арнайы шу жүйесі арқылы қамтамасыз етілген.
Қазір ұшақ Star Jet компаниясына тиесілі. Бұл үш құрылтайшысы бар қазақстандық компания, деп жазады egov.kz. Олардың бастығы - Абдулатип Исаев, компанияның бас директоры. Мәліметтерге сәйкес, ұшақ әлі жұмыс істейді. Авиакомпания жеке чартерлік рейстерге маманданған.
Екінші ұшақ - Bombardier Learjet 60. Әблязов ол үшін 18,5 миллион доллар төлеген. Ұшақтың өзі кішірек: ұзындығы бес метр, ені екі метрге жуық. Салонға сегіз адам ғана сыяды. Десе де, бұл кеме ең ыңғайлылардың бірі.
Мамандар бұл ұшақты орта қашықтықтағы ең жылдам және тыныш ұшақтардың бірі деп атайды. Ол бірден биіктікке көтеріле алады және сағатына 859 шақырым жылдамдықпен ұша алады.
Сонымен бірге, кеменің модификациясы халықаралық шу талаптарына сәйкес келеді және шу деңгейіне шектеу қойылған әуежайларға қонуға сертификаты бар. Сатылымнан кейін бұл Bombardier Learjet 60 ұшағы Excellеnt Glide иелігіне өтіп кеткен.
Алайда egov.kz-тің мәліметіне сәйкес, бұл компания бұдан былай жұмыс істемейді. Pk.uchet.kz порталы авиакомпанияның нарықта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, 2017 жылы жабылып қалғанын растайды. Ұшақ жақында Мексика мен Техас әуежайларында байқалды.
Әблязовтің үшінші ұшағы Як-42D 9 миллион долларға сатылып алынған. Бұл - үш қозғалтқышты әуе кемесі. Соңғы жылдары бұл ұшақ тек VIP клиенттерге арнайы жасалынып келді. Ол 2016 жылы бөшлектелінді.
Еске салсақ бұған дейін біз Парижде қамауға алынған Әблязов екі тәуліктен кейін еркіндікке шыққанын жазған едік. Одан бөлек, Әблязов БТА Банкіндегі ұрлық ісі бойынша 9 қылмыс жасады деп айыпталғанын жазған болатынбыз.
Фото: inbusiness.kz/Георгий Бовтик