$ 495.2  522.34  4.94

«Астана - Щучинск» тасжолында метеостанция жүйесі қосылды

Бұл жүйе жүргізушілерді ауа райы жөнінде алдын ала ескертуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған қосалқы жүйесі автомобиль жолдары мен жол төсемінің ауа райының жағдайы жөніндегі ақпаратты жинақтап, өңдеп, оны басқаруға арналған метеорологиялық жағынан қамтамасыз ету автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Автоматтандырылған жол метеостанциясы метеошамалардың 30-ға жуық параметрлерді өлшеп отырады. Оның ішінде, ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, жауын-шашынның қарқындылығы мен түрлері, желдің бағыты мен жылдамдығы.

«Жүйенің құрамына келесі бөлшектері кіреді: автоматтандырылған жол метеорологиялық станция, жүйе операторының жұмыс орны мен ақпараттық табло. Метеостанция құрамына жол бетінің жағдайын (құрғақ, ылғалды, су, химикат пен су аралас, мұз, қырау, қар, судың бары, мұзға қарсы химикатты бақылау, жердің бетіндегі су қабаты және қату температурасын бағалау) анықтайтын жол датчигі кіреді», делінген хабарламада.

Учаскедегі қалыптасқан жағдай жөнінде жүргізушілерді ақпараттандыру және ескерту мақсатында мәліметтерді сақтау серверіне онлайн түрінде тұрақты қол жеткізе алатын жүйе операторы уақыт, ауа температурасы, ағымдағы ауа райы мен ең жоғарғы жылдамдық жайындағы 4 параметрді көрсететін жарық диодтық таблоға қажетті ақпаратты шығарып отырады.

Аталған метеостанция Астана Щучинск жолында «Қазақстанда магистральдық зияткерлік көлік жүйелерін жасау және дамыту жөніндегі 2020 жылға дейін жоспарды» іске асыру аясында жоғары жылдамдықты автомагистральдер мен халықаралық бағыттардағы трассаларда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары