$ 498.34  519.72  4.85

Министр Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлердің отбасыларына көңіл айтты (ВИДЕО)

Олар әріптестерінің арасында сыйлы болды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлер Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап.

«Олардың кәсібилігі мен парасаттылығын, өз қызметіне адалдығын басшылық та, халық та бағалаған. Олар әріптестерінің арасында сыйлы болды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарымен бірге қайғырады», – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кетсек, полиция капитаны Қанат Айдарбекұлы Отарбаев ішкі істер органдарында 16 жыл қызмет еткен. Артында жұбайы мен үш баласы қалды, олардың ең кішісі 3 жаста. Полиция капитаны Қанат Болатұлы Хамидуллин ішкі істер органдарында 12 жыл қызмет еткен.

Марқұмның артында жүкті әйелі мен жеті жасар ұлы қалды. Бүгін түнде Ақмола облысында жол апаты болып, полиция қызметкерлері көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары