Жаңалықтар 15.10.2020 сағат 22:31

Алматыда «Hyundai» автомобильдерін құрастыру зауыты ашылды

Инвестиция көлемі 28 млрд теңгеден асады. 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Алматыда «Hyundai» автомобильдерін құрастыру зауыты ашылды
Фото: PRIMEMINISTER.KZ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үкімет басшысы Асқар Мамин Алматыдағы Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. 

Кәсіпорынның жобалық қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлікті, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікке дейін құрайды. Инвестиция көлемі 28 млрд теңгеден асады. 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Телекөпір форматында өткен зауыттың ашылу салтанатына Кореяның Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Hyundai Motor Company» президенті Ли Вон және «Astana Group» президенті Нұрлан Смағұлов қатысты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар