Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартты, деп мәлімдеді Ескі алаңда митингіге шыққандармен кездескен премьер-министр Садыр Жапаров.
"Президент өкілеттілігі маған тапсырылды", - деді үкімет басшысы.
Еске сала кетсек, Қырғызстан президенті болған Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.