$ 484.11  528.79  5.03

Маман кеңседе коронавирустың таралуына ықпал ететін қауіпті затты атады

Маманның сөзінше, пернетақтамен жұмысқа кіріспес бұрын және жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қол жуу керек.
Фото: realnoevremya.ru
Фото: realnoevremya.ru

Компьютер пернетақтасы - кеңседегі ең қауіпті зат. Себебі өңделмеген түймелерде әртүрлі бактериялар, ішек инфекциясы, соның ішінде коронавирус болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Мәскеу облысы бас штаттан тыс инфекционисі Ирина Шилкина айтты.

РИА Новости-дің жазуынша, маман компьютер пернетақтасын кеңседегі өте қауіпті зат деп санайды.

"Оны өңдеумен көбі айналыспайды, өңдеу де қиын. Нәтижесінде батырмаларда түрлі ауру тудыратын бактериялар, вирустар жиналады. Оның ішінде коронавирус та болуы мүмкін", - дейді Шилкина.

Маманның сөзінше, пернетақтамен жұмысқа кіріспес бұрын және жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қол жуу керек.

"Қолды 1,5 минуттан көп жуу керек. Тек уқалап қана емес, ысқылап жуған абзал", - деді инфекционист.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық маман қол жуылмаса, транзиторлық микрофлора шырышты қабатқа түсуі мүмкін екенін, бұл өз кезегінде түрлі ауруларға әкеп соғуы ықтимал екенін айтқан еді.

 "Мәселен, көздің шырышты қабатына түссе – конъюктивит, мұрын мен ауызға түссе – ринит, фарингит, стоматит сынды инфекциямен байланысты аурулар туындауы мүмкін. Мәселен, дәретханадан кейін қол жуу керек деп неге айтамыз? Өйткені, онда ішек флоралары болуы мүмкін, олар адам ағзасына енсе, дизентерия, сальмонеллез, энтерит сынды ішек инфекциялары өршуі мүмкін. Сосын тамақ ішер алдында да қол жуу керек. Себебі, ыдыс-аяқты ұстағанда да ағзаға инфекция енуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Сонымен қатар ресейлік маман гаджеттер вирус таратудың бір құралы болып табылатынын атап өткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары