$ 439.43  473.31  4.82

Астанада 10-нан астам көлік соқтығысты

Бүгін таңертең Астанадағы Қорғалжың тас жолында шамамен 13 көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жуырда Қорғалжың тас жолында автобусқа арналған жолақ пайда болған еді. Содан бері көлік қозғалысы қиындады. Бүгін ҚазМЗУ ғимараты алдына бір көлік тоқтап еді, артынан жеті көлік келіп соқтығысты. 500 метрден кейін де дәл осындай жайт орын алды, ол жерде шамамен бес көліктей соқтығысқан", - дейді оқиғаның куәгері Нұржан Бердішев.

Оның айтуынша, жол көлік оқиғаларынан кейін көлік кептелісі орын алған.

Айта кетейік, 5 маусымнан бастап Астананың бірқатар көшелерінде автобустарға арналған жолақтар пайда болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары