$ 444.22  476.38  4.82

Ақтауда әскери бөлім қызметкері пара алып, құмар ойын ойнаған

Күдіктіні 100 мың теңге пара алып жатқан жерінен қолға түсірген. Кейінірек белгілі болғандай, ол алған ақшасына құмар ойын ойнамақ болған деп жазады tumba.kz.

Құқық қорғаушыларға жәбірленуші жас жігіт арызданып келген. Оның айтуынша, әскери бөлім қызметкері Атыраудағы әскери-техникалық мектепке оқуға түсіремін деп, одан 100 мың теңге талап етіпті. Осылайша, әскери билетті де уақытынан бұрын алып беруге уәде берген.

"Тергеу барысында анықтағанымыз, ол құмар ойынға тәуелді болып қалған екен. Ол жәбірленушіден ақшаны қайта-қайта сұраған. Біз параға арналған ақшаны дайындағанымызша, үш сағат ішінде күдікті 5 рет телефон соғып, ақша алып келуді талап етті. Өкінішке қарай, букмекерлік кеңселердің залалы мемлекеттік қызметкерлерді де айналып өтпепті", - дейді Жемқорлықпен күрес бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары