16.10.2020, 12:00

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі атышулы «Борат» фильміне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Елші фильмнің бірінші бөлімін ешқашан толық көрмегенін және оның тек үзінділерін көргенін айтады.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Kazakh TV арнасына берген сұхбатында "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елші фильмнің бірінші бөлімін ешқашан толық көрмегенін және оның тек үзінділерін көргенін айтады.

"Бұл фильм ғой. Адамдар киноға барады, оны көреді, басқасын көреді", - деді Мозер Бораттың екінші бөлімі туралы.

"Халықтың фильмді қабылдауы және оған бармай-ақ ол туралы не ойлайтыны көбіне жеке басқа қатысты жағдайда қалыптастады. АҚШ-та Қазақстанның талантты өкілдері көп. Өз елін шынымен таныстырып жатқан адамдарды халық фильмді көрген немесе көре алмаған адамдардан гөрі ұзағырақ уақыт есте сақтайды", - деп толықтырды Мозер..