16.10.2020, 17:00

Мемлекетттік органдардың ғимараттарын жармақ болған террористердің көзі жойылды

Фото: ТАСС
Сирия аумағынан арнайы нұсқау алып отырған содырлар «Отан Ана» монументінің жанында шабуыл ұйымдастырмақ болған.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі елде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық террористік ұйымының екі мүшесінің көзін жойды, деп хабарлайды paryz.kz, ТАСС-қа сілтеме жасап.

Олар Волгоградта лаңкестік әрекеттер жасамақ болған.

Ресей ФҚҚ-ның Қоғаммен байланыс орталығынан мәлім еткендей, террористердің қызметі Сирия аумағынан басқарылып отырған. Олар "билік ғимараттарына, әскери қызметшілердің тұрғылықты жерлеріне және жарылыс-өрт қаупі бар кәсіпорындарға" шабуыл жасауды жоспарлаған.

«Ұстау операциясы барысында ұйым басшысы мен оның сыбайласы Ресей ФҚҚ қызметкерлеріне қаруды пайдалана отырып, қарсылық білдіргеннен кейін олардың көзі жойылды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, оқиға орнынан Волгоград картасы табылған, онда жоспарланған террористік шабуылдардың орны көрсетілген. Атап айтқанда, картада қара түспен «Отан Ана» монументінің жанында шабуыл ұйымдастырылмақ болғаны белгіленген.