$ 498.34  519.72  4.85

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында карантин шаралары күшейтіледі

Мұндай шешімге көрші өңірлерде коронавирусқа шалдыққандар санының артуы себеп болған.

Қарағанды облысында 19 қазаннан бастап карантин күшейтіледі, деп хабарлады өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Юрий Залыгин.

"19 қазан сағат 00:00-ден бастап облыс аумағында санитарлық бекеттер қойылады", - деді Залыгин.

Мұндай шешімге көрші өңірлерде коронавирусқа шалдыққандар санының артуы себеп болған.

65 жастан асқан тұрғындарға мүмкіндігінше үйде отыру керек. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар жетекшілеріне қызметкерлердің 50 процентін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды (30-дан астам қызметкер болса).

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, автовокзалдар мен автостанцияларда смарт бейнебақылауы бар тепловизерлер болуы керек екенін айтылды.

Ал Шығыс Қазақстан облысында 17 қазан - 31 қазан аралығында карантин күшейтіледі. Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Гуляим Тағаева да қаулыға қол қойды.

Адам көп жиналатын, отбасылық шараларды өткізуге, аудандар мен облыс ішіндегі қалалар арасындағы автобустар қатынауына салынған тыйым сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары