$ 494.87  520.65  4.91

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяға мемлекетаралық іздеу жариялады

Шет елдік басылымдар бұл әрекеті үшін саясаткерге үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын жазуда.
Фото: currenttime.tv
Фото: currenttime.tv

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяға мемлекетаралық іздеу жариялады. Оны ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіруге шақырғаны үшін жауапқа тартқысы келеді, деп хабарлайды Stan.kz БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тергеу Тихановская бұқаралық ақпарат құралдарының немесе интернеттің көмегімен республиканың ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіруге бағытталған әрекеттерге шақырды деп санайды.

Шет елдік басылымдар бұл әрекеті үшін саясаткерге үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын жазуда.

Беларуссияда 9 тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай наразылықтар екі айдан астам уақытқа созылғанына қарамастан, ОСК мәліметтері бойынша, Александр Лукашенко президент болды болды. Осыдан кейін Лукашенконың сайлаудағы басты қарсыласы Светлана Тихановская елден кетуге мәжбүр болды.

Қазан айында Еуропалық Одақ Беларусь елінен келген 40 шенеунікке сайлауды бұрмалау және наразылық білдірушілерге қарсы репрессия жасағаны үшін санкциялар енгізді. Олардың қатарында Беларусь ІІМ басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ ОСК-ның барлық құрамы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары