$ 494.87  520.65  4.91

Екі жастағы ұлын сатпақ болған әке ұсталды

4,8 мың АҚШ долларына сатпақ болған.
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Сұрхандария облысында екі жастағы ұлын сатпақ болған ер азамат ұсталды, деп хабарлайды centralasian.org.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аудандық ішкі істер бөлімшесіне Байсун ауданының тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше, 28 жастағы Денау ауданының тұрғыны Пулат Чориев екі жастағы ұлын 50 млн сумға (4,8 мың АҚШ доллары) сатпақ болған.

"Сол күні арнайы операция жүргізіліп, П.Чориев ұлын 2500 АҚШ долларына және 24 250 000 сумға сату кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін де хабарланғандай, Өзбекстанның құқық қорғау органдары бала сату ісіне байланысты бірнеше оқиғаны анықтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары