ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл мереке жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Осы орайда, Мағзұм Мырзағалиев министрлік орманшылардың статусын көтеу мәселесін қарастырып жатқаны хабарлады.
1Бүгін-орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні.Саладағы мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Қиындығы мен тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар құрметке лайық! Себебі орман кешені- экологиялық қауіпсіздіктің кепілі.
Орманшылар баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап,келер ұрпаққа жеткізушілер.Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр.
Жасыл табиғатты аялау - әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын!", - деді ол Twitter парақшасында.