18.10.2020, 20:08

«Реформаларды пысықтау жуық арада басталуы керек» - Тоқаев

фото: sputniknews.kz
Кеңестің алғашқы отырыcының күн тәртібін талқыладық.

ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы қашан өтетінін Twitter парақшасында жазды.

"Кеңесшім, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кездесу барысында биылғы 21 қазанда өтетін Кеңестің алғашқы отырыcының күн тәртібін талқыладық. Негізгі реформалар айқындалды, оларды пысықтау жуық арада басталуы керек", - деп жазды мемлекет басшысы.