19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз батыста, солтүстік-батыста циклон жырасының әсерінен жаңбыр жауады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, шығыста түнде көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түнде Шығыс Қазақстан, таңертен және күндіз Ақмола, күндіз Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, түнде және таңертең Қостанай облыстарының кей жерлерде тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл облыстарының түнде кей жерлерде 1 градус үсік сақталады.