$ 444.32  473.33  4.76

Қызылордадағы театр маусымы «Абай» қойылымымен ашылды

Қызылордадағы театр маусымы «Абай» қойылымымен ашылды.

Таяуда Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы академиялық музыкалық драма театры 66-шы маусымын ашты.

Жаңа кезеңнің шымылдығы Ерсайын Төлеубайдың «Абай» қойылымымен түрілді. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай қойылған туындының көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз. 

«Абай» трагедиясында хакім Абайдың жасы ұлғайған шағы суреттеледі. Қойылымның трагедиялық жанрда болуының бір себебі осы болса керек. Өйткені, дана Абайдың балаларының қазасы, көп ішінде өзін жалғыз сезінуі кемеңгерлікке жеткен кезеңдерінде болған еді. Бұл қойылымда бас ақынның өмірімен қатар, сол кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі де көрініс тапқан. Сол замандағы орыс отаршылдарының қазақ даласындағы ықпалы мен би-шешендердің сөздерін спектакльден байқауға болады. 

«Абай» трагедиясындағы басты рөлді «Серпер» сыйлығының лауреаты, театрдың әртісі Бақытбек Темірбеков  сомдады. Қойылымға атсалысқан әрбір әртіс өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Санитарлық шектеулерге байланысты көрерменнің қарасы қалың болған жоқ. Десе де, театр өнерпаздары үшін қошеметтің орны бөлек. Бұған дейін карантин режиміне сәйкес театр әртістері қойылымдарды онлайн нұсқада ұсынып келгенін айта кету керек. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары