Павлодарда жұмысшы 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, өңірде 3 оқыс оқиға тіркелген.
"Бірінші оқиға 16 қазанда сағат 08.10-де Павлодар қаласы Назарбаев даңғылындағы пәтерде болған. 32 жастағы монтер пәтердегі жөндеу жұмыстары кезінде 5-қабаттағы балконнан құлап кеткен. Ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Екінші оқыс оқиға да осы күні сағат 10.00-де Екібастұзда болған. Қаладағы ЖШС аумағының бірінде 55 жастағы токарь жұмыс барысында аяғынан жарақат алған. Ол да ауруханаға жатқызылған.
Үшінші оқыс оқиға 18 қазанда сағат 01.40-де Екібастұзда болған. Ондағы ЖШС-ның біріндегі 31 жастағы жұмысшы кірпіш төсеп жатқан. Осы сәтте оны құрал басып қалған. Ер адам дене жарақатымен Екібастұздағы ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.