$ 494.87  520.65  4.91

Арнайы операция кезінде 2 жамбылдық полицей қаза тапты

Жергілікті қауіпсіздік басқармасына «желілік полиция қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады» деген ақпарат түсіпті.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында арнайы операция кезінде Шу аудандық желілік полиция бөлімшесінің қызметкеріне оқ тиіп, ол ажал құшқан. Ақпарат көздерінде таратылған мәліметтерге сүйенсек, қайғылы жағдай Шу ауданы Тасөткел ауылы маңында болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жергілікті қауіпсіздік басқармасына «желілік полиция қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады» деген ақпарат түсіпті. Сөйтіп олар күдіктілерді аңдып, алдынан күтіп алған. Алайда жол талғамайтын көлікке мінген полицейлер тоқтамақ түгілі, арнайы жасақ өкілін қаққан бойда қаша жөнеледі.

Соңынан қуғандар амалсыз табельдік қару қолдануға мәжбүр болған. Содан көлік ішіндегі екеуге оқ тиіп, біреуі қаза тапты. Соңғысы қазір ауруханада жатыр. Арнайы жасақ өкілінің де екі аяғы сынған. Ал Toyota Land Cruiser-ден кептіріліп қапқа салынған 55 келі марихуана табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары