$ 494.87  520.65  4.91

Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірге ескерту жариялады

Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қазгидромет РМК 20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 

20, 21 қазан күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары