$ 494.87  520.65  4.91

Әл-Фараби – 1150: Сыр ұстазы олимпиада жеңімпазы атанды

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтті. Қатысушылардың білімін тексеру мақсатында берілген 30 сұрақтың ішінде педагогика саласына қатысты сауалдармен бірге Әл-Фарабидің трактаттарымен байланысты тақырыптар да бар.

Шығыстың ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай білім беру қызметкерлеріне арналған «Qazan.Info» республикалық сайты арқылы педагогика саласы бойынша олимпиада өткізілді. Қашықтықтан ұйымдастырылған республикалық білім байқауына ел ұстаздары белсене атсалысу үстінде.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтті. Қатысушылардың білімін тексеру мақсатында берілген 30 сұрақтың ішінде педагогика саласына қатысты сауалдармен бірге Әл-Фарабидің трактаттарымен байланысты тақырыптар да бар. Байқауда бақ сынаған педагогтарға барлық сұрақтарға жауап беру үшін 40 минут берілді. Осы уақыт аралығында еш мүдірмей, берілген тапсырманы толық орындағаны үшін Қызылорда қаласындағы Ақмешіт колледжінің оқытушысы Мөлдір Жақсылық жеңімпаз атанып, І дәрежелі диплом иегері атанды. Сонымен қатар, жас ұстазға осы сайысқа қатысқандығы үшін арнайы сертификат табысталды.

Үнемі ізденісте жүретін жас маман бұған дейін Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының танымдық-тағылымдық жақтарын сыныптан тыс іс-шараларда пайдалану» тақырыбында өткен облыстық сайыста да топ жарған болатын.

«Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыздың ғибратты ғұмыры, ғылым жолындағы зор еңбегі бүгінгі ұстаздарға жол көрсетуші шамшырақ тәрізді. Сондықтан да, ғұламаның мол мұрасын іздену арқылы өскелең ұрпақтың санасына сіңіру білім берушілердің басты міндеттерінің бірі деп білемін», - деді Мөлдір Жарқынбекқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлФараби