$ 446.49  475.38  4.79

Қазақ халқы – Алтын Орда мемлекетінің тікелей мұрагері

Онлайн режимінде өткен тарихи-танымдық кештің қонағы Бақыт Уснадинқызы Алтын Орда атауы, ұлыстың билеушілері мен тұрмыс-тіршілігі туралы тарқатып айтты.


Ұлық ұлыс Алтын Орданың 750 жылдығына орай Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапханасының қызметкерлері «Алтын Орда – қазақ хандығының бабасы» атты тарихи танымдық кеш  ұйымдастырды.

Кеш қонақтары ардагер ұстаз Амантай Иманов пен №11 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Бақыт Жұбакешова оқырмандарға қазақ хандығының тарихы жайлы мазмұнды мәліметтер берді. 

«Алтын Орда – Шыңғыс хан ұрпақтарының құрған мемлекеті. Осыдан 750 жыл бұрын Талас өзенінің бойында Шыңғыс ханның балалары Жошы, Шағатай, Үгедей құрылтай өткізіп, Алтын Орда мемлекетінің шаңырағын көтерді.

Бату ханның әскерлері «Қыпшақ» деп аталды. Сондықтан да, бұл қыпшақтар мемлекеті боп саналады. Себебі, ұланғайыр өлкеде орналасқан мемлекеттің халқының басым бөлігі қыпшақтар еді.

Батыста Қара теңізден Дунайға дейін, Шығыста Ертістен Жетісуға дейінгі байтақ дала Жошының қарамағындағы ел болды. 1269 жылы болған құрылтайда Алтын Орда дербес мемлекет болды. Осы мемлекеттің негізін қалауға ұйытқы болған  қазақ халқы екендігі бүгінде толық дәлелденіп отыр.

Қарағанды облысының Ұлытау жеріндегі Жошы ханның кесенесі туристерді тартатын бірден-бір тарихи орын. Ал, саяхатшылардың елімізге көптеп келуі мемлекеттік бюджетке де қомақты пайда әкелер еді деп ойлаймын», - деді ардагер ұстаз Амантай Иманов. 

Онлайн режимінде өткен тарихи-танымдық кештің қонағы Бақыт Уснадинқызы Алтын Орда атауы, ұлыстың билеушілері мен тұрмыс-тіршілігі туралы тарқатып айтты.

Сонымен қатар, Алтын Орда мемлекетінің тарихына қатысты әлемдік ғалымдардың зерттеу жұмыстары жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Тарихшы ұстаз антрапологтардың зерттеулерінің нәтижесінде Алтын Орданың тікелей мұрагері қазақ халқы екендігі, оларға тек қазақ ұлтының ұқсас екендігі жөнінде де мағлұмат берді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын Орда